Аталған суретті ресейлік боксшы Артур Бетербиев өзінің Instagram парақшасында жариялады. Тарихи сәтке куә болған жанкүйерлер бұл суретті «заманымыздың аңыздары жиналған көрініс» деп бағалады.
Кездесу барысында жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Бивол қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкин туралы жылы лебізін білдірді. Ол GGG-дің рингтегі және өмірдегі қарапайымдылығы мен өзін ұстауы әрқашан шабыттандыратынын атап өтті.
Өз кезегінде Артур Бетербиев те шараны ұйымдастырған Түрки Әл-Шейхке алғысын жеткізді.
«Ring Awards шарасына қатысқаныма қуаныштымын. Түрки Әл-Шейхке мен үшін жасаған барлық жақсылығы үшін алғыс айтамын», — деді Бетербиев.
Айтулы кеште Головкин, Бивол, Усик және Бетербиевтен бөлек, бокс әлемінің ықпалды тұлғасы Түрки Әл-Шейх пен британдық спортшы Конор Бенн де болды. Желі қолданушылары бұл суретке «ең қауіпті фото» деген сияқты баға беріп, таңданысын жасыра алмады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






