Апаны қолдағандар көбейді
"Ұршықты кері иірген" әжені қолдап, челлендж басталды. Бұл туралы белсенді, блогер Оңғар Қабден өзінің faceebook парақшасында жариялады. Онда:
"Өткенде су тасқынына қарсы бір апамыз ұршық иіріп еді. Сол апамызға қарсы діни фанатиктер "ширк","бәлен түген" деп ұрсып еді. Енді апамызды қолдау үшін қыз-келіншектер жаппай ұршықпен фотоға түсіп, онысын әлеуметтік желіге жүктеп жатыр" деп жазды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.