28 наурызда Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері Усть-Лугадағы вахталық кентте жұмыс істейтін ҚР азаматтарымен, оның ішінде тұрмыстық жанжал нәтижесінде ұсталған азаматтармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, аталған кентте шамамен 15 мың адам тұрады, олардың барлығы Ресейдің ірі экспорттық порттарының бірін салуға қатысатын түрлі мердігер ұйымдардың вахталық қызметкерлері.
"Мәлім болғандай, бастапқыда тәртіпсіздіктерге бірнеше жүз адам қатысқан. Оқиғадан кейін әртүрлі елдердің 30-дан астам азаматы ұсталды. Алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін ұсталғандардың басым бөлігі босатылды. Бірқатар тұлғаларға, оның ішінде Қазақстан азаматтарына қатысты 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы сот шешімдері қабылданды. Тағы үш ҚР азаматына қатысты тергеу жүргізілуде. Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккен немесе медициналық көмекке мұқтаж тұлғалар жоқ. Барлық ҚР азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде.
Сондай-ақ вахталық кенттің өзінде компания қызметкерлері (қазақстандық жұмысшылар мен учаске бригадирлері), Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары, жұмыс беруші компания мен күзет агенттігі өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында орын алған жағдай сындарлы түрде талқыланып, алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу шаралары қарастырылды", - делінген хабарламада.
Қазір вахталық кенттегі жағдай тұрақты. Оқиғаға қатысқан екі тарапқа қатысты тергеу іс-шаралары жалғасуда, оның қорытындылары бойынша жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Бауыржан Артықов қызметінен босатылды
Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбедегі оқушы өліміне қатысы бар деген күдікпен үш адам қамауға алынды
- авторОймақ
- 29 наурыз, 2026




