Тауда өмір сүретін жабайы жануарлар Медеу жолдарына түсіп тұрғындарды шошытты
- авторОймақ
- Бүгін, 15:10
- 12
Тұрғын желіде тау сиырларының тобыры жолдың қақ ортасымен өтіп жатқанын видеоға түсіріп жариялады.
“Алматыға тау сиырлары қайдан келді және олар Медеуден төмен қарай қайда бет алды? Менің білуімше, олар әдетте 3000 метрден жоғары биіктікте өмір сүреді.
Сұрақ көп, жауап аз”, – делінген жазбада.
Желі жұртшылығы да бұл жануарларды қала маңындағы әр түрлі жерлерден көргендерін алға тартты.
"Мен де осы сұрақ. Әр таңғы алтыда бұлар біздің аула маңында жайылып жүреді", “Мен де Медеу жақтан бірнешеуін көргенмін”, “Оларды көп жыл бұрын әкелген, олар осында бейімделіп, қазір тауларда еркін жүреді”, “Бұларды осыдан 5-6 жыл бұрын таудан көрген едім", – жеп жазды пікір білдірушілер.
Stan.kz тілшісі осы жайтқа байланысты Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Медеу аудандық бөлімінен пікір сұрады.
“Бұл тау сиырлары. Олар жеке адамға тиесілі болғандықтан, жауапкершілік те сол жеке адамға артылады. Әрине бұл тау сиырлары біздің Ұлттық парк аймағында өмір сүреді. Иелері біздің аймақтағы жайылымға заңды түрде рұқсат алады. Ал олардың күтімімен өздері айналысады.Меніңше, тау сиырлары ауа райының жылуына байланысты төменге түскен. Әйтпесе әдетте олар тек тау биіктігінде тіршілік етеді. Бұлардың адамдарға зияны жоқ. Ал егер жолға шығып көлік қозғалысына кедергі келтірсе, иесіне ескерту жасап, алдын ала аламыз”, – деді Ұлттық парктің Медеу филиалының директорының орынбасары Марғұлан Әжібеков.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






