Агенттіктің мәліметінше, бұл шешім Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес, банк секторындағы бәсекелестікті күшейту аясында қабылданған. Сонымен қатар, бұл қадам шетелдік қаржы ұйымдарының Қазақстан нарығына кіруін жеңілдеткен заңнамалық реформалардың нәтижесі ретінде бағаланып отыр.
Жаңа қаржы ұйымы әмбебап банк ретінде жұмыс істейді. Яғни, клиенттерге дәстүрлі банктік қызметтермен қатар, исламдық қаржы қағидаларына сай операциялар да ұсынылады. Осы мақсатта арнайы исламдық қаржы «терезесін» ашу жоспарланған.
Банк Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan) атауымен тіркеледі. Ол Қазақстанда бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан ADCB Ислам банкі-нің еншілес құрылымы болады. Аталған банк 2024 жылға дейін Al Hilal Bank атауымен белгілі болған. Ал ADCB-тің негізгі акционері – Mubadala Investment Company мемлекеттік инвестициялық қоры.
Жаңа банктің нарыққа келуі қолданыстағы ADCB Ислам банкінің қызмет форматына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз. Бұл мәселе бойынша қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2024 жылдан бері Қазақстан экономикасына кемінде үш ірі шетелдік банкті тарту міндетін қойған болатын. Осы тапсырма аясында катарлық Lesha Bank Bereke Bank-ті сатып алды, ал оңтүстіккореялық BNK қаржы ұйымы толыққанды банк лицензиясын алды.
Қазіргі таңда Қазақстан нарығында Shinhan Bank, KZI Bank, Citibank, Bank of China және Қытайдың Сауда-өнеркәсіп банкі секілді бірқатар шетелдік қаржы институттары жұмыс істеп тұр. Олардың бір бөлігі тек корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.
Соңғы деректерге сәйкес, ADCB Ислам банкі актив көлемі бойынша Қазақстандағы 23 банктің ішінде 21-орында тұр. Оның активтері шамамен 244 миллиард теңгені құрайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Доллар 482 теңге: мұнай қымбаттап, алтын мен криптонарық құбылды
- авторОймақ
- 25 наурыз, 2026






