Дархан Жолшыбеков пен Нұрбек Нұртаза сот отырысына куәгер ретінде қатысуы тиіс болған. Алайда екеуі де денсаулығына байланысты Алматыдан Астанаға келе алмайтынын айтып, сотқа онлайн қатысуға рұқсат сұраған.
Іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев куәгерлерді сотқа мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығаруды сұрады. Бұл өтінішті қорғаушы тарап та қолдады. Судья Әділбек Баймаханов тараптардың уәжін негізге алып, екі блогерді сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу туралы шешім қабылдады.
Бұл шешімді орындау Астана қаласының прокуратурасына жүктелді. Сот өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 157-бабына сәйкес, куәгер дәлелсіз себептермен сот отырысына келмеген жағдайда, оны мәжбүрлеп жеткізу шарасы қолданылатынын еске салды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





