жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Солтүстік Қазақстанда жағдай әлі де күрделі – әкімдік

Солтүстік Қазақстанда жағдай әлі де күрделі – әкімдік
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы
Тасқынның негізгі толқыны Қызылжар ауданының Тепличное, Прибрежное кенттеріне келді

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай әлі күрделі екенін айтты.

«Облысымыздағы жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасы 149 % толып, су бөгет шыңынан 2 метр 61 сантиметр асты. Тәулік ішінде 9 сантиметр төмендеді. Есіл өзенінде су деңгейі көтеріліп келеді. Өзен жағасының маңында орналасқан Қызылжар ауданының елді мекендері мен Петропавл қаласында үйлерді су басу деректері тіркелген. Қазіргі сәтте облыста 2401 үй және 1115 үй маңындағы аумақтарды су басқан», - деді департамент өкілі.

Жалпы облыс аумағында 12 235 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның 2 919-ы - бала. Тәулік ішінде 2 947 адам, оның ішінде 488 бала эвакуацияланған.

Әзірге тек 44 адам үйіне қайтып барған. Евгений Журавлевтің айтуынша, өңірде 3 590 бас мал қауіпсіз жерлерге көшірілген.

«Тасқынның негізгі толқыны Қызылжар ауданының Тепличное, Прибрежное кенттеріне келді. Бұл елді мекендерде 565 үйді су басып, 2 287 адам эвакуацияланды. Соңғы тәулік ішінде су Большая малышка, Соколовка, Вишневка, Ольшанка елді мекендеріне кіріп, 317 үйді су басты, 1562 адам эвакуацияланды. Су деңгейі әсіресе Петропавл қаласында көтеріліп тұр. Алайда жуыр маңда біртіндеп түседі деп отырмыз», - деді ол.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар