сейсенбі, 17 наурыз, 2026 13:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Кеуде тұсы ауыр жарақаттанған": Атыраудағы оқушының жағдайы белгілі болды

"Кеуде тұсы ауыр жарақаттанған": Атыраудағы оқушының жағдайы белгілі болды
Видеодан скриншот
Шабуыл фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Атыраудағы Binom мектебіндегі шабуылдан зардап шеккен сегізінші сынып оқушысы бірнеше жарақат алған, мойны, кеуде қуысы және қолы жараланған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, ең ауыр жарақаттар кеуде тұсынан болған. Науқастың жағдайы әлі де орташа ауыр деп бағалануда. Кеше ол жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы.

Еске сала кетейік, 13 наурызда Атырау қаласындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы Binom мектебінде тоғызыншы сынып оқушысы сегізінші сынып оқушысын өткір затпен жаралаған болатын.

Жасөспірім ұсталды, шабуыл фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар