сейсенбі, 17 наурыз, 2026 9:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Наурызнама: 11 000 жас домбырашы бір мезетте күй шертеді

Наурызнама: 11 000 жас домбырашы бір мезетте күй шертеді
gov.kz
Қазақстан рекордтар кітабына енгізуді жоспарлап отыр.

17 наурыз күні Наурыз мерекесін атап өту аясында Алматы қаласының Білім басқармасы Алматы Аренада «Домбыра үні» атты ауқымды акция ұйымдастырады. Қаланың 6-10 сынып оқушыларынан құралған 11 000 жас домбырашы бір мезетте күй орындап, ұлттық өнердің құдіретін паш етеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Бұл бастама Қазақстанда ұлттық аспапта бір мезетте күй орындаған ең ірі музыкалық шаралардың бірі болмақ. Қаланың барлық ауданынан жиналған оқушылар бір сахнада өнер көрсетіп, қазақ халқының бай рухани мұрасына деген құрметтің айқын белгісін танытады.

Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде танымал қазақстандық өнерпаздар — Асылбек Еңсепов, Ринат Гайсин, Нұрлан Албан және Әли Оқапов қатысады. Белгілі музыканттар флешмоб қатысушыларына қолдау білдіріп, қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтайды.

Акция қорытындысы бойынша бұл іс-шараны Қазақстан рекордтар кітабына ұлттық аспапта күйді бір уақытта ең көп адам орындаған мәдени оқиға ретінде енгізу жоспарланып отыр.

Ауқымды музыкалық флешмоб Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралардың жарқын көрінісіне айналып, ұлттық мәдениетті жастар арасында кеңінен насихаттауға үлес қосады. Бұл жай ғана концерт емес, мыңдаған жас жүректің бір ырғақта соғуы мен ата-баба мұрасына деген құрметтің көрінісі болмақ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар