жексенбі, 15 наурыз, 2026 14:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Маңғыстауда бүгін дүниеге келген сәбиге Атазаң есімі берілді

Маңғыстауда бүгін дүниеге келген сәбиге Атазаң есімі берілді
Маңғыстау облысы ҚКО
Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен сәбидің жағдайы жақсы.

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында тоғызыншы сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Сәбиге Атазаң есімі берілді.

Жаңа туған нәресте — отбасындағы тоғызыншы бала. Ұл бала салмағы 4130 грамм, бойы 57 сантиметр.

Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен сәбидің жағдайы жақсы.

Сәбидің дәл осы күні дүниеге келуі отбасы үшін ерекше әрі символдық оқиға болды.

Ата-анасы ел үшін маңызды күнде ұлдарының өмірге келуі өздері үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті.

Перзентхана дәрігерлері ата-ананы отбасының толығуымен құттықтап, сәбиге мықты денсаулық, амандық және бақытты балалық шақ тіледі.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында ана мен баланы қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Көпбалалы отбасыларға түрлі әлеуметтік көмек пен қолдау түрлері көрсетіледі.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар