Белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов қазақстандық паралимпиадашы Ербол Хамитовке Chery Tiggo 7 автокөлігін сыйға тартты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Қазақстандық спортшы 13 наурыз күні Италияда өткен 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды. Бұған дейін ол парашаңғы жарысында 1500 метрлік классикалық спринтте қола жүлде иеленген еді.
«Қазақстан құрамасын және Ербол Хамитовті Паралимпиададағы жеңісімен құттықтаймын! Astana Motors құрамындағы Chery Kazakhstan Ұлттық Паралимпиада комитетінің ресми серіктесі екеніне мақтанамыз. Біз елімізде параспорттың дамуына алдағы уақытта да бар күшімізді саламыз. Ерболдың Chery Tiggo 7 көлігін тест-драйвқа алғанын білемін, сондықтан оны үлкен қуанышпен сыйға тартамын», – деді Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




