бейсенбі, 12 наурыз, 2026 10:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

МӘМС кімге көмек бере алады: стоматологиялық қызмет алатындар бар

МӘМС кімге көмек бере алады: стоматологиялық қызмет алатындар бар
Сурет: Рixabay
Олардың арасында жүкті әйелдер мен 18 жасқа толмаған балалар бар.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде стоматологиялық көмекті кімдер ала алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, жоспарлы және шұғыл түрде стоматологиялық көмекті келесі санаттар ала алады:

18 жасқа дейінгі балалар;

Жүкті әйелдер.

Бұдан бөлек, келесі тұлғаларға тек шұғыл түрде стоматологиялық көмек көрсетіледі:

зейнеткерлер;

ҰОС ардагерлері;

1, 2, 3-топтағы мүгедектігі бар адамдар;

атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар;

инфекциялық, әлеуметтік мәні бар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар пациенттер;

мүгедектігі бар баланы бағып отырған жұмыс істемейтін тұлғалар;

бірінші топтағы мүгедекті күтіп отырған жұмыс істемейтін тұлғалар;

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар