бейсенбі, 12 наурыз, 2026 13:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алмаз Джумакеев Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Алмаз Джумакеев Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
Фото: Қазақстан Қорғаныс министрлігі
Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

"Мемлекет басшысының өкімімен Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Өмірбаяны

Қазақстан Қорғаныс министрлігі сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Алмаз Джумакеев Қырғыз КСР Ыстықкөл облысының Пржевальск қаласында 1970 жылғы 6 наурызда әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген.

Ұлты қырғыз, Қазақстан Республикасының азаматы.

1992 жылы Лениндік Комсомол атындағы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық екі мәрте Қызыл Ту училищесін тәмамдаған.

Мемлекеттік наградалары

2-дәрежелі Айбын;

2-дәрежелі Данқ.

Мансап

1992 ж, маусымнан бастап 1992 ж. қарашаға дейін Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі парашюттік-десанттық батальоны парашюттік-десанттық ротасы парашюттік-десанттық взводының командирі;

1992 жылғы қыркүйек пен қазан аралығында Тәжікстандағы РФ шекара әскерлері Пянжан шекара жасағының жауапкершілік аймағында ТМД Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты;

1992 ж. қараша мен 1993 ж. қараша аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі парашюттік-десанттық батальоны барлау взводының командирі – барлау бастығы;

1993 ж. қараша мен 1994 ж. қазан аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальоны (автомобильдерде) штабтық ротасының командирі;

1994 ж. қазан мен 1996 ж. маусым аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальоны (автомобильдерде) командирінің орынбасары;

1996 ж. маусым мен 1998 ж. ақпан аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальонының командирі (автомобильдерде);

1998 ж. ақпан мен 1998 ж. мамыр аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальонының командирі (БТР-80-де);

1998 ж. мамыр мен 1999 ж. маусым аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі «БАРС» жекелеген десанттық-шабуылдау батальонының (ұйымдық-штаттық іс-шаралар жөніндегі) командирі (автомобильдерде);

1999 ж. маусым мен 2001 ж. тамыз аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі «БАРС» жекелеген десанттық-шабуылдау батальонының (ұйымдық-штаттық іс-шаралар жөніндегі) командирі (автомобильдерде);

2001 ж. тамыз бен 2003 ж. қазан аралығында штаб бастығы – Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары;

2003 ж. қазан мен 2009 ж. желтоқсан аралығында Талдықорған қ. 18404 әскери бөлімінің командирі;

2009 ж. желтоқсан мен 2010 ж. сәуір аралығында Астана қ. ҚР ҚМ ШБК жауынгерлік даярлық пен әскерлер қызметі департаментінің бастығы;

2010 ж. сәуір мен 2010 ж. қыркүйек аралығында Қарағанды қ. "Астана" ӨңҚ штабының бастығы – өңірлік қолбасшылық қолбасшысының бірінші орынбасары;

2010 ж. қыркүйек пен 2011 ж. мамыр аралығында бас қолбасшының (ТжӘҚЖ) жөніндегі орынбасары – Астана қ. ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысы басқармасының ТжӘҚЖ бас басқармасының бастығы;

2011 ж. мамыр мен 2015 ж. қазан аралығында Астана қ. 68665 әскери бөлімінің командирі;

2015 ж. қазан мен 2018 ж. сәуір аралығында Алматы қ. ҚР ҚК Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы;

2018 ж. сәуір мен 2018 ж. желтоқсан аралығында ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) – ҚР ҚК ҚӘ БҚБ ЖДББ бастығы;

2018 ж. желтоқсан мен 2019 ж. тамыз аралығында ҚР ҚК БШ Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы;

2019 ж. тамыз бен 2021 ж. маусым аралығында ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің (БШ) тыңдаушысы;

2021 ж. маусым мен 2021 ж. тамыз аралығында ҚР Қорғаныс министрінің өкімінде болды;

2021 ж. тамыз бен 2022 ж. наурыз аралығында бас қолбасшының орынбасары – ҚР ҚК ҚӘ БҚБ ЖДББ бастығы.

2022 ж. наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар