Оқиға өткен демалыс күндері, 13 сәуірде орын алды. Құлағаның салдарынан ол түрлі жарақаттар алған.
"Қарағандыда, Ә. Бөкейханов атындағы ауданда, Мәметова көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалып, үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, 2021 жылы туған пәтер иесінің қызы полижарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа", деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Теміртауда да осындай жағдай орын алған. Онда қараусыз қалған үш жасар бала бірінші қабаттың терезесінен құлап түсті. Орташа дәрежеде ауруханаға жатқызылған болатын.
Статистикаға сүйенсек, Қарағанды облысы аумағында 2023 жылы 25 терезеден құлау фактісі тіркелген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.