сәрсенбі, 11 наурыз, 2026 11:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Курьерлер мен мигранттар бақылауда: Алматыда ауқымды тексеріс басталды

Курьерлер мен мигранттар бақылауда: Алматыда ауқымды тексеріс басталды
Фото: ашық дереккөз
Алматы полициясы ауқымды курьерлер мен мигранттарға қатысты тексеру жұмыстарын бастады.

Алматыда 10-12 наурыз аралығында Қауіпсіз курьер" және "Келімсек" жедел-профилактикалық іс-шаралары басталды.

Аталған шаралар аясында курьерлік қызметтің заңдылығын тексеру, көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар күшейтілді.

Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Кабдулдиновтың айтуынша, жүргізіліп жатқан шаралардың басты мақсаты — құқық бұзушылықтардың алдын алу және мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

"Соңғы жылдары Алматыда курьер қызметі саласы қарқынды дамып келеді. Күн сайын мыңдаған қала тұрғыны тауарлар мен азық-түлік жеткізу қызметін пайдаланады. Біздің міндетіміз — осы қызметтің заң талаптарына сай жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, курьерлік қызметтің заңдылығын, пайдаланылатын көлік құралдарын және қажетті құжаттардың болуын тексеру", - деді Айдын Кабдулдинов.

Сонымен қатар "Келімсек" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасының сақталуына да ерекше назар аударады.

"Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген тұлғаларды анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу бағытында нақты жұмыстар жүргізіледі. Бұл шаралардың барлығы, ең алдымен, профилактикалық сипатқа ие және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған", - деп атап өтті Айдын Кабдулдинов.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар