бейсенбі, 5 наурыз, 2026 10:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Иран президенті Таяу Шығыс елдеріне үндеу жасады

Иран президенті Таяу Шығыс елдеріне үндеу жасады
Getty Images
Бұл туралы ол өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды7

Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан аймақтағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты Таяу Шығыс елдерінің басшыларына ресми үндеу жариялады. Бұл туралы ол өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Тегеран қарулы қақтығысқа амалсыз барған

Мемлекет басшысының айтуынша, Тегеран қарулы қақтығысқа амалсыз барған. Пезешкиан Иран тарапы жағдайды дипломатиялық жолмен шешуге тырысқанын, алайда АҚШ пен Израильдің әскери шабуылдары елді қорғаныс шараларын қабылдауға мәжбүр еткенін мәлімдеді.

«Біз соғыстан қашқымыз келді. Алайда америкалық-сионистік шабуыл бізге өзімізді қорғаудан басқа таңдау қалдырмады», – деді ол.

Сонымен қатар Иран президенті Тегеран көрші мемлекеттердің егемендігін құрметтейтінін айтып, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті ең алдымен өңір елдері өзара қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранның ядролық бағдарламасына байланысты әскери операция бастаған болатын. Бұған АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Тегеранның ядролық амбицияларынан бас тартпауы себеп болғанын айтқан.

Иран аумағына жасалған соққылардан кейін рухани көсем Әли Хаменеи қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Бұған жауап ретінде Тегеран Израиль мен АҚШ-тың аймақтағы әскери базаларына зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы соққы жасаған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар