сәрсенбі, 4 наурыз, 2026 13:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыдағы ерекше балалар орталығындағы жанжал: қызметкер қамауға алынды

Алматыдағы ерекше балалар орталығындағы жанжал: қызметкер қамауға алынды
Сурет: Polisia.kz
Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алматыдағы ерекше балаларға арналған жекеменшік орталықта болған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желілерде мекеме қызметкерінің балаға қол көтергені бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Ата-аналар аутизмі бар балаларға күш көрсетілгенін айтып, мәселені көпшілікке жария етті. Олардың айтуынша, орталықта тәрбиеленушілерге қатыгездік танытылып, ұрып-соғу және қорлау фактілері орын алған.

Журналистік тексеріс барысында белгілі болғандай, полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, мекемедегі бейнебақылау жазбаларын тәркілеген.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәліметінше, «Феникс» орталығының қызметкері, болжам бойынша жас жаттықтырушы, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бейнежазбалар мұқият зерттеліп, куәгерлер мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынуда.

Тергеу барысы Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған. Құзырлы органдар істің барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған шараларды жалғастырып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар