Бурабай аудандық соты 18 жастағы екі азаматқа қатысты үкім шығарды. Олар психотроптық заттарды заңсыз сақтау және сату мақсатында тасымалдау бойынша айыпталған.
Сот барысында анықталғандай, жастар 2025 жылдың қазан және қараша айларында әлеуметтік желілер арқылы байланыста болған кураторлардың нұсқауымен Бурабай ауданына келген. Оларға заңға қайшы әрекеттерді орындау жөнінде тапсырмалар беріліп, ақшалай сыйақы уәде етілген.
Сот шешімімен айыпталушылардың әрқайсысы орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу арқылы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бурабай аудандық прокуратурасы есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысу қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін атап өтті. Осыған байланысты ведомство азаматтарды интернет-ресурстар арқылы ұсынылатын «жылдам табыс» жөніндегі күмәнді ұсыныстарға аса сақтықпен қарауға шақырады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласындағы реформалар: №3 балалар ауруханасында маңызды кездесу өтті
- авторОймақ
- 3 наурыз, 2026






