Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан «шұғыл хабарландыру» шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ресми түрде мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, белгісіз дереккөздер арқылы тараған ақпараттың мазмұны расталмаған және қоғамды жаңылыстыруы мүмкін.
Министрлік азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды. Сондай-ақ тексерілмеген мәліметтерді таратуға жол бермеу қажеттігін ескертті.
– Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне ғана сеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауды сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылған, – делінген хабарламада.

Құзырлы орган жалған ақпараттың қоғамда дүрбелең туғызуы мүмкін екенін атап өтіп, мұндай әрекеттердің заң аясында қаралатынын еске салды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





