дүйсенбі, 2 наурыз, 2026 19:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жұлдыз Сүлейменова Иранда 160 мектеп оқушысының қаза табуына қатысты көңіл айтты

Жұлдыз Сүлейменова Иранда 160 мектеп оқушысының қаза табуына қатысты көңіл айтты
Мәжіліс
Иранда болған қайғылы жағдай бүкіл әлемді алаңдатты.

Алдын ала мәлімет бойынша, 160 мектеп оқушы қыз қаза тапқан.  Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова көңіл айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Жұлдыз Сүлейменова бейбіт күнде білім алып, мектепке барып, болашаққа қадам басуы тиіс болған оқушылардың қазасына қабырғасы қайысқанын айтты.

«Иранда орын алған қайғылы оқиға – 160 мектеп оқушы қыздардың қаза табуы туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Бейбіт күнде білім алып, болашаққа қадам басуы тиіс балалардың өмірінің үзілуі – барша адамзат үшін орны толмас қасірет», — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Жұлдыз Сүлейменова мемлекет басшысының халықаралық мәселелерді әрдайым бейбіт, дипломатиялық жолмен шешу жайлы ұстанымын толық қолдайтынын атап өтті.

«Бала тәрбиесімен айналысатын адам ретінде балалар ешқашан қандай да бір қақтығыстың, жанжалдың немесе саяси текетірестің құрбаны болмауы тиіс деп санаймын. Олардың қауіпсіздігі мен амандығы – халықаралық қауымдастық үшін де, әр мемлекет үшін де ең басты құндылықтардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықаралық мәселелерді әрдайым бейбіт, дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін үнемі айтып келеді. Бұл – адам өмірін, әсіресе балалардың болашағын қорғауға бағытталған салмақты әрі дәйекті ұстаным. Мен бұл көзқарасты толық қолдаймын. Қаза болған ирандық балалардың ата-аналары мен жақындарына көңіл айтамын», — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрдің айтуынша, қандай жағдай болмасын, балалардың өмірі мен қауіпсіздігі бәрінен биік тұруы керек. Қай елде болса да, бейкүнә балалардың тағдыры саясаттың немесе қарулы қақтығыстың құрбанына айналмауға тиіс. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар