Астанада жатақхана өртенді
"Елордалық өрт сөндірушілер 500 шаршы метр аумақты шарпыған жатақханадағы өртті сөндіруде", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
ТЖМ өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтауды ұсынады.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 06:07-де толықтай жойды.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрлігі үш адам ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.
Нақтыланған мәліметтер бойынша өрттің ауданы 400 шаршы метрді құрады.
"Себептер анықталуда", - деп қосты ТЖМ.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала