жексенбі, 1 наурыз, 2026 11:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Иран: Басты сауда жолына ресми тиым салды

Иран: Басты сауда жолына ресми тиым салды
Egemen.kz
Жағдайдың күрделілігі – мұндай көлемдегі шикізатқа балама бағыттардың болмауында.

 

Ирандағы арнайы әскери теңіз күштері әлемдегі басты сауда жолы саналатын теңіз дәлізі арқылы кемелердің қозғалысына ресми түрде тыйым салды. Бұл шешім салдарынан әлем бойынша өндірілетін мұнайдың әр бесінші тоннасының жеткізілімі бір сәтте тоқтады, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz inbusiness.kz агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ пен Израильдің Иран аумағына жасаған жаппай соққыларынан кейін жаһандық энергетикалық нарық бұрын-соңды болмаған сынаққа тап болды. Жауап ретінде Тегеран Ормуз бұғазын жауып, тәулігіне 21 миллион баррель мұнай тасымалданатын негізгі бағытты іс жүзінде тоқтатты. Кемелер қозғалысын бақылайтын ресурстар бұғаз маңындағы жылдамдықтың нөлге дейін түскенін растайды. Танкерлер қақтығыс аймағына кіруге тәуекел етпей, сыртқы рейдтерде шоғырланып тұр.

Әлемдегі жетекші теңіз тасымалдаушылары, соның ішінде жапон және еуропалық ірі компаниялар капитандарына навигацияны тоқтату жөнінде шұғыл нұсқаулар жолдаған. Жағдайдың күрделілігі – мұндай көлемдегі шикізатқа балама бағыттардың болмауында. Ал Қатардан сұйытылған табиғи газ тасымалдайтын танкерлердің рейстерін тоқтатуы Еуропа мен Азияда жанармай тапшылығына әкелуі мүмкін. Осы жағдай аясында биржадан тыс нарықта мұнай бағасы бірнеше сағат ішінде 12 пайыздан астам өсім көрсетті.

Сарапшылар болып жатқан оқиғаны «мұнайлық армагеддон» деп бағалап, егер бұғаттау кем дегенде бір аптаға созылса, мұнай бағасы барреліне 120–150 доллар деңгейіне дейін көтерілуі мүмкін екенін ескертуде. АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалиция аймақтағы навигация қауіпсіздігіне қатысты тәуекелдердің жоғары екенін мәлімдеп, қақтығыс өрті шарпыған өңірде коммерциялық флоттың қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын жеткізді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар