сейсенбі, 24 ақпан, 2026 20:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Отбасы банк": кезекте тұрғандарға маңызды ескерту жасады

"Отбасы банк": кезекте тұрғандарға маңызды ескерту жасады
иллюстративті фото
Инвентаризация деген не және ол не үшін қажет?

Биылғы 2 наурыздан бастап «Отбасы банк» тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспананы тек міндетті инвентаризациядан өткеннен кейін ғана таратады. Бұл рәсімнен өтпеген жағдайда пәтер алу немесе жеңілдетілген қарызға ие болу мүмкін болмайды. Бұл туралы қаржы институтының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Инвентаризация деген не және ол не үшін қажет?

Инвентаризация – кезекте тұрған адам туралы мәліметтердің өзектілігін тексеру. Оның барысында мынадай деректер нақтыланады:

Отбасы құрамы;

Тиісті санаттың сақталуы;

Меншігінде баспананың бар-жоғы.

Процедурадан өту үшін мамандандырылған порталда дербес деректерді өңдеуге келісім беріп, қол қою қажет.

Тексерістен өтпегендер кезектен шығарыла ма?

Банк өкілдерінің түсіндіруінше, инвентаризациядан өтпеген азаматтар кезектен шығарылмайды. Алайда тексеру аяқталғанша банк оларға жалдамалы баспана бөле алмайды және 2% немесе 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген заем бере алмайды.

Бұған дейін банк жүйені жылдам іске қосу үшін пәтерлерді алдын ала таратып, тексеруді соңынан жүргізетін уақытша тәртіппен жұмыс істеген болатын. Бірақ бұл тәжірибе бірқатар қиындық тудырған.

«Тексеру кезінде кейбір азаматтардың баспана алып қойғаны немесе отбасы құрамы өзгеруіне байланысты (бала санының артуы) бөлінген пәтердің тарлық ететіні анықталды. Мұндай жағдайларда бөлу процесін қайта бастауға тура келіп, уақыт жоғалды», — делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда облыс әкімдіктері банктің басқаруына 13 393 пәтерді өткізді. Оның 8 846-сы – жалдамалы, ал 4 547-сі – кредиттік баспана. Қазіргі уақытқа дейін 4 216 отбасы қоныстойын тойлап үлгерді.

24 ақпандағы мәлімет бойынша, ел көлемінде 257 мың адам инвентаризациядан сәтті өткен.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар