сейсенбі, 24 ақпан, 2026 16:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Аллаға мың шүкір!"; Мақпал Жүнісова қуанышты жаңалығын бөлісті

"Аллаға мың шүкір!"; Мақпал Жүнісова қуанышты жаңалығын бөлісті
ашық дереккөз
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Мақпал Жүнісова жанкүйерлерімен қуанышты хабарын бөлісті. Қазақстанның Халық әртісі әлеуметтік желідегі парақшасында 8 наурыз күні өтетін жеке концертіне билеттердің толықтай сатылып кеткенін жазды. 

Мақпал Жүнісова Алматыдағы Республика сарайы сахнасында өтетін екі бірдей концертке де көрермендер тарапынан жоғары сұраныс болғанын жазады. 

"Аллаға мың шүкірлер, 8 наурыздағы екі концертке де билеттер өтіп кетіпті. Жанкүйерлеріме көп рақмет. Амандықта кездесейік, құрметті ағайын!" – деп жазды өнер иесі.

Бұл жаңалықты естіген тыңдармандар әлеуметтік желіде құттықтау тілектерін жаудырып, концертті асыға күтетіндерін білдіруде.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар