сенбі, 23 қараша, 2024 3:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Депутат ұл-қызына арабша есім беретіндерді сынға алды

Депутат ұл-қызына арабша есім беретіндерді сынға алды
Фото: ашық дереккөз
Қырғызстан республикасы Жогорку кенешінің төрағасы Нурланбек Шакиев қырғыз тілінің мәселесін көтеріп, елде арабша сөздерді қолдану мен ұл-қызына арабша есім берудің белең алғанын сынады.

"Қазір арабша атау беру әдетке айналды. Бірақ, Бакыт, Таалай, Элмырза, Улукбек, Чолпон, Жылдыз, Балбак, Нурбек, Акылбек сияқты әдемі есімдеріміз бар. Балаларымызға нағыз қырғыз есімдерін бермесек, тіліміз түгіл, қырғыз есімі де жоғалады. Бұл өте қауіпті жағдай", – деді Кенеш төрағасы.

Сондай-ақ, ол тек ірі қалалар емес, шалғай ауылдардағы балалардың да орыс тіліндегі мультфильмдерді көру арқылы орысша сөйлеп кеткендерінде сынға алды. 

"Сондықтан министрлер кабинеті барлық балаларға арналған шоулар мен мультфильмдерді дереу қырғыз тіліне аударып, қажет болған жағдайда басқа тілдердегі көрсетілімдерге шектеу қоюы керек. Тілімізді бүгінде сақтап қалмасақ, 5-10 жылда қырғыз тілінен мүлде айырылып қаламыз. Бұл терең назар аударуды қажет ететін мәселе", – деді ол.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар