жұма, 13 ақпан, 2026 20:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сенатта спорт саласына заңнамалық өзгерістерді енгізудің тиімділігі талқыланды

Сенатта спорт саласына заңнамалық өзгерістерді енгізудің тиімділігі талқыланды
Сенат
Ұлттық мүдделердің басымдығын күшейтуге бағытталған заңның негізгі жаңалықтары қаралды.

 

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Туризм және спорт министрлігінің басшылығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ шамадан тыс заңнамалық регламенттеудің болдырмау туралы» ҚР Заңын іске асыру тақырыбында кездесу өткізді. Талқылау барысында саланың басқару тиімділігін арттыруға, бюджет шығыстарын оңтайландыруға және ұлттық мүдделердің басымдығын күшейтуге бағытталған заңның негізгі жаңалықтары қаралды.

Кездесуді ашқан Сенат Комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп қабылданған түзетулердің жүйелі сипатқа ие екенін және елдегі спортты дамытудың тұрақты моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

«Қабылданған өзгерістер нақты басқару вертикалін құруға, қаржыландырудың ашықтығын арттыруға және ресурстарды басым бағыттарға шоғырландыруға бағытталған. Заңның іске асырылуы бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортын дамытуды, ұлттық спорт түрлерін қолдауды және еліміздің барлық өңірлерінде спортшылар үшін тең жағдай жасауды қамтамасыз етуі маңызды», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Министрлік өкілдері легионерлерді бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу, басым спорт түрлерінің тізбесін айқындау, спорт саласында басқару вертикалін енгізу, сондай-ақ аккредиттелген спорт федерацияларының қызметін жүйелеу туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа нормаларды іс жүзінде қолдану, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік базаны одан әрі жетілдіру жөніндегі келесі қадамдарды талқылады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар