сенбі, 21 ақпан, 2026 11:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шайдоров Олимпиадада киген киімін Лозанна қаласындағы музей қорына табыстады

Шайдоров Олимпиадада киген киімін Лозанна қаласындағы музей қорына табыстады
Бұл киім — алматылық дизайнерлер Сәкен Жақсыбаев пен Ақмарал Жарасқызының еңбегі.

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Милан төріндегі додада киіп шыққан жарыс костюмін ресми түрде Халықаралық Олимпиада комитетінің Лозанна қаласындағы музей қорына табыстады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Дәл осы образда спортшы Олимпиада мұз айдынына шығып, Қазақстан намысын қорғаған еді. Енді отандық дизайнерлер тіккен бұл бірегей костюм Олимпиада музейі коллекциясына еніп, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған тарихи жәдігерлердің қатарынан орын алады.

Бұл киім — алматылық дизайнерлер Сәкен Жақсыбаев пен Ақмарал Жарасқызының еңбегі. 

Осылайша, қазақстандық спортшының жетістігі ғана емес, отандық дизайнерлердің шығармашылығы да халықаралық деңгейде мойындалып отыр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар