Үкімет мамырдағы мейрам күндері демалыстаоды реттеу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы бұйрығының жобасын жариялады. "Ашық НҚА" порталында жарияланған жобада 8 мамырды демалыс ету көзделген. Бірақ биыл ғана.
Биыл мамырдың 1 күнгі ресми демалыс сәрсенбіге сәйкеседі. Ал 7 мамырдағы Отан қорғаушылар күні сейсенбіге, 9 мамырдағы Жеңіс күні бейсенбіге сәйкеседі.Ортада бір жұмыс кұні бар. Үкімет демалыстарды тиімді ету үшін биыл 8 мамырды демалыс етуді көздеп отыр. Ол үшін 4 мамыр, сенбі күнін ресми жұмыс күні етіп белгілемек. Бұйрық жобасында осы мәселе көрсетілген.
Әрине әлі шешім қабылданған жоқ. Жоба 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.
Егер жоба мақұлданса, қазақстандықтар 1 мамыр, 5 мамыр, 7, 8, 9 мамыр және 11-12 мамырда демалады. Ал 2-3 мамыр, 6 мамыр және 10 мамыр жұмыс күні болады. Бірақ бқл өзгеріс бес күн жұмыс істейтін азаматтарға ғана қатысты болмақ. Алты күн жұмыс істейтіндерге бұл ереже жүрмейді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.