дүйсенбі, 16 ақпан, 2026 13:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Диас Нұрақын Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Диас Нұрақын Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Жаңа қызметінде Диас Нұрақын облыс әкімдігінің ақпараттық саясатын үйлестіріп, баспасөз қызметінің жұмысын ұйымдастырады.

Белгілі тележурналист Диас Нұрақын Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы, баспасөз қызметінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Диас Ермекұлы 1987 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін 2008 жылы тәмамдаған. Кейін Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006–2007 жылдары Мемлекетаралық «МИР» телеарнасында аудармашы-редактор ретінде бастаған. 2007–2008 жылдары КТК телеарнасында «Репортер», «Алаң жұрт» бағдарламаларында редактор қызметін атқарды. 2008–2009 жылдары республикалық «Жас Қазақ» газетінде арнаулы тілші болды.

2009–2015 жылдары республикалық «Жетінші арна» жаңалықтар қызметінде тілші болып жұмыс істеді. 2015–2016 жылдары КТК телеарнасының жаңалықтар тілшісі болды. Сонымен қатар «Аптап» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының шығарушы-редакторы қызметін атқарған.

2016 жылдан бастап КТК телеарнасы Жаңалықтар қызметінің аймақтардағы қосынының редакторы лауазымын атқарып келген.

Жаңа қызметінде Диас Нұрақын облыс әкімдігінің ақпараттық саясатын үйлестіріп, баспасөз қызметінің жұмысын ұйымдастырады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар