сәрсенбі, 11 ақпан, 2026 11:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Олимпиада күнделігі: Шайдоров әзірге 5 орында тұр

Олимпиада күнделігі: Шайдоров әзірге 5 орында тұр
ҰОК
Еркін бағдарламадан жарыс 13 ақпанда өтеді.

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді бастады.

Отандасымыз ерлер арасында жекелей сырғанауда қысқа бағдарламамен өнер көрсетті.

Мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-орынға тұрақтады.

АҚШ өкілі Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды жапониялық Юга Кагияма (103.07 ұпай) иеленсе, үшінші аралық орынға 102.55 ұпаймен  франциялық Адам Сяо Хим Фа тұрақтады.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар