Астанада сталкинг жасап, алты ай бойы әйелді аңдыған қала тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала прокуратурасына сілтеме жасап.
Ер адам байланысты тоқтату талабын, мессенджердегі бұғаттауды, жәбірленушінің үйіне және жұмыс орнына келіп, оның келісімінсіз бейнежазбаға түсіріп, психологиялық қысым көрсеткен.
Сот үкімімен айыпталушы сталкинг жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып, моральдық залалды өтеу міндеттелді.
Оның бұған дейін бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






