Тараздағы балаларын терезеден лақтырған әйел депрессияда болған – Динара Зәкиева
- авторОймақ
- Бүгін, 17:13
- 16
Таразда екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйелге бұған дейін «ауыр депрессия» диагнозы қойылған. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Зәкиеваның айтуынша, әйелдің депрессиялық жағдайы өте ауыр болған, бірақ ол емдеу курсын соңына дейін аяқтамаған.
Омбудсмен маңызды бір мәселеге — медициналық құпияға назар аударды. Соның кесірінен балалардың құқығын қорғау органдары көбіне баланың ауыр психикалық ауытқуы бар ата-анамен бірге тұрып жатқанынан хабарсыз болады. Оның сөзінше, балаларға қатысты ондаған қатігездік пен кісі өлтіру оқиғалары дәл осы мәселемен байланысты.
Зәкиева балаларды қорғау қызметтері уақытында араласу үшін мұндай ақпаратқа қол жеткізе алуы тиіс деп санайды. Ол бұл мәселені заңнамалық деңгейде шешуді ұсынып отыр.
Омбудсменнің мәліметінше, елімізде күн сайын балаларға қарсы бес қылмыс тіркеледі. Оқиғалардың 60-70 пайызында зорлық-зомбылықты жақындары жасайды. Тек 2025 жылдың өзінде 29 мың ата-ана жауапкершілікке тартылып, мыңнан астамы ата-ана құқығынан айырылған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





