Алдын ала мәліметке сәйкес, 36 жастағы әйел 2021 жылы туған қызын, артынша 2023 жылы туған ұлын терезеден сыртқа тастаған. Балалар тірі қалғанымен, түрлі жарақатпен Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Жарияланған ақпаратқа қарағанда, қайғылы жағдайдың алдында әйел мен оның жұбайы арасында жанжал болған. Ер адам үйден шығып кеткен. Сондай-ақ соңғы жылдары күдіктінің бас ауруына жиі шағымданғаны айтылады. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша екі жас баланы өлтіруге оқталу фактісімен қылмыстық іс қозғалды. «Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Балалар медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір қажетті тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






