жұма, 6 ақпан, 2026 13:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сенат креативті индустрияларды қолдау және дамыту туралы заңды мақұлдады

Сенат креативті индустрияларды қолдау және дамыту туралы заңды мақұлдады
Сенат
Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті.

 Онда креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері жөніндегі заң қаралды.

Депутаттар бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң ұлттық мәдениет саласын заман талаптарына сай жаңғыртуды көздейді. Отырыста аталып өткендей, заңды мақұлдау мәдениет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ, ұлттық мәдени құндылықтарды сақтауға және ілгерілетуге ықпал етеді.

«Қаралған заң еліміздегі креативті индустрия саласын реттейтін заңнаманы одан әрі жетілдіруді көздейді. Атап айтқанда, саланы қолдауға бағытталған бірқатар жаңа тетіктер енгізіліп отыр. Сонымен қатар өкілетті органның құзыреттері нақтыланып, қосымша міндеттер жүктелді. Жалпы, заң еліміздің креативті экономика секторының одан әрі дамуына тың серпін береді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Заң аясында кинематография мәселелерін және жастар саясатын реттейтін салалық заңдарға да қатысты өзгерістер енгізілді. Мақұлданған заң бірыңғай саясат шеңберінде креативті индустрияларды дамытуға, шығармашылық әлеуетті экономиканың бір бөлігіне айналдыруға, мәдени және креативті өнімдердің сапасы мен мағыналық толықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте жастарды шығармашылық қызметке тартуға жәрдемдесу, олардың осы саладағы бастамалары мен жобаларын қолдау жөніндегі нормалар туралы сөз болып отырғанын атап өткен жөн.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар