жұма, 6 ақпан, 2026 13:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Freedom Finance-тың бұрынғы топ-менеджері ҚазТАГ-тан жеңіліп қалды

Freedom Finance-тың бұрынғы топ-менеджері ҚазТАГ-тан жеңіліп қалды
Фотоиллюстрация: Kznews
Сот бұрынғы топ-менеджердің ақпараттық агенттікке қарсы шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды kznews.kz Politico.kz-ға сілтеме жасап.

Азаматтық сот Freedom Finance компаниясының бұрынғы топ-менеджері Темірлан Бековтің ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігіне қарсы түсірген талап-арызы бойынша шешім шығарды. Сот шешімімен шағымданушының талабы толығымен қанағаттандырусыз қалдырылды.

Темірлан Беков соттан агенттік жариялаған «Freedom Finance-тың тағы бір топ-менеджері қылмыстық іс бойынша күдікті атанды» деген мақаланы шындыққа жанаспайды деп тануды сұраған еді. Сондай-ақ ол ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін материалды өшіруді және моралдық шығын өндіруді талап еткен.

Алайда судья бұл уәждерді негізсіз деп тапты. Керісінше Темірлан Беков агенттікке заңгерлік қызмет шығыны ретінде 20 мың теңге төлеуге міндеттелді. Агенттіктің адвокаты Рена Керимова соттың негізгі шешімімен келіскенімен шығын көлемінің аздығына байланысты апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсан айында ҚазТАГ басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болған еді. Агенттіктің бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Әмір Қасеновке көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылған. Редакцияның дерегінше іс шілде айында тіркелгенімен журналистер бұл туралы қараша айында Freedom Finance компаниясына қатысты ақпараттардан соң ғана білген. Кейінірек агенттік өкілдері арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп тергеу барысындағы заң бұзушылықтар мен қысым туралы мәлімдеген болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар