жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

MIND: ұрлықтың залалы 405 миллион теңгеге жетті

MIND: ұрлықтың залалы  405 миллион теңгеге жетті
ашық дерек көздерінен алынды
Maqsut Narikbayev University жанындағы MIND ғылыми-зерттеу орталығы Астана мен Алматы қалаларында «Виктимизацияның тез қайталану теориясының» қолданылуы туралы зерттеуді жасаған. Нәтижесінде ұрлық жасаушылар бір жылда тек екі қаланың өзінде 405 миллион теңге зиян келтіргенін анықтады.

 

Анықтама үшін айтар болсақ,  виктимизация— ол жеке адам немесе адамдар тобының қылмыстық әрекеттердің құрбаны болатын процесс.

Бүгінгі таңда Астана және Алматы қалаларында орын алатын виктимизация мәселесі жаңа шешімдер мен тәсілдерді іздеуді талап етеді. Зерттеушілер ұрлық сияқты қылмыстардың кейбір түрлері қысқа уақыт ішінде көрші аудандарда тізбектеліп жүретінін байқады. Бұл зерттеу болашақ қылмыстардың ықтимал орындары мен уақыттарын болжауға мүмкіндік береді, аталған тәсіл полиция ресурстарын бөлуге және бейнебақылау жүйелерін мақсатты түрде орнатуға ықпал етуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сүйене отырып, зерттеушілер Астана мен Алматы сияқты мегаполистер қылмысқа қарсы күресте қиындықтарға тап болатындығын анықтады. Осылайша, қылмыс орын алған жерде қылмыстың қайталану  ықтималдығы үлкен екендігі анықталды.

Мысалы, сауда орталықтары, базарлар мен жеке дүкендер бірінен соң бірі ұрлық серияларының нысандарына айналған. Зерттеушілер 2023 жылы Астана қаласындағы барлық ұрлықтардың 14%-ы бір күн ішінде басқа ұрлық жасалған жерден 5 метр радиуста болғаны анықтады.

Уақыт пен орын бойынша ұқсас қылмыстар маңында ұрлықтан болған материалдық залалды ескерсек, 2023 жылы Астана мен Алматы үшін жалпы шығын 405 миллион теңгені құрайды.

Зерттеу қорытындысы заңнаманы жетілдірудің маңыздылығын, мамандарды оқытуды және полиция ресурстарын тиімдірек бөлу және қылмыстың алдын алу үшін қылмысты болжау алгоритмдері, атап айтқанда PredPol сияқты инновациялық тәсілдерді қолдануға жұртшылықтың назарын аударуды көрсетеді. Алынған нәтижелер полиция күштерімен қылмыстың алдын алу шараларын әзірлеу кезінде, сондай-ақ қылмыстық жағдайды және оның Астана мен Алматыдағы динамикасын жалпы түсіну үшін пайдалы болуы мүмкін.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар