Инстаграмдағы aktivniy_talapker парақшасында жарияланған деректерге қарағанда жолдың бұзылған бөлігінде учаскелік полция қызметкерлері кезекшілік жасауда. Ал астаналық City Transportaion System компаниясы Нұресілге баратын №311 автобустың бағдары өзгергенін хабарлады.
«Құрметті жолаушылар!
Жол жабыны қалпына келтірілгенге дейін, № 311 қала маңы бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,-делінген компанияның ресми парақшасында. Демек таңертең Астанаға жұмысқа кеткен нұресілдіктер кешке басқа жолмен жүруге мәжбүр деген сөз. Әзірге Нұресіл ауылына Қорғалжын тас жолындағы Ақмол елдімекені арқылы жету мүмкіндігі ғана бар.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.