жұма, 30 қаңтар, 2026 13:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жаңаөзенде күйеуі әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

Жаңаөзенде күйеуі әйелін өлтірді деген күдікке ілінді
ашық дереккөз
Жаңаөзен қаласында 44 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмған.

Жаңаөзенде әйел өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, марқұмның жұбайы күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 29 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында 44 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмған. Оқиғаға байланысты марқұмның күйеуі күдікті ретінде қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құзырлы органның алдын ала дерегіне сәйкес, қайғылы жағдай отбасылық-тұрмыстық жанжал салдарынан орын алған.

"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полашық дереккөзиция өкілі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар