Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа қоғамдық қызметке кірісті. Өңір басшысы Қарағанды облысының үстел теннисі федерациясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысы үстел теннисі бойынша республикада жетекші орындардың бірін иеленіп келеді. Өңірде бұл спорт түрінің қалыптасқан бай дәстүрі бар: мұнда жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері, Қазақстан чемпиондары, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері даярланған. Сондай-ақ облыстан ұлттық, жастар және жасөспірімдер құрамаларының мүшелері шыққан.
Алдағы уақытта жеңісті дәстүрді сақтау және оны одан әрі дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқару көзделіп отыр. Басымдық кәсіби спортты дамытуға және жоғары деңгейдегі теннисшілерді даярлауға беріледі. Сонымен қатар бұқаралық спортты өркендетуге, халықты үстел теннисімен тұрақты түрде айналысуға тартуға және Қазақстан мен Қарағанды облысының халықаралық аренадағы спорттық имиджін ілгерілетуге ерекше назар аударылмақ.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






