«Салтанатты соққан, артынша қылқындырған»: медэксперт өлім себебін ашып айтты
- авторОймақ
- 9 сәуір, 2024
- 362
Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жасаған сарапшы Тахир Халимназаров бүгін сот залында марқұмның бет-жүзінде болған зақымдарды манекенге салып көрсетті. Оның айтуынша, Салтанат Нүкенованың басына жасалған соққылар бірге өлімге әкеп соққанын айтады.
– Есі бар, ояу адам басынан мұндай жарақат алмайды. Кездейсоқ құлап кетсе де, ол міндетті түрде басын рефлекторлы түрде қорғап құлайтыны анық. Адам биіктен құлап кетсе, онда басын қорғай алмайды. Бірақ жерде тұрған адам басын жерге соғып, мұндай зақым ала алмайды, - деді Тахир Халимназаров.
Судья Айжан Көлбаева сарапшыдан “оны қылқындырған ба?” деп сұрады. Халиназаров “қылқындыру белгілері бар” деп жауап берді. Судья одан қарапайым тілмен түсіндіруді өтініп, “соққылардан кейін қылқындырған ба?” деп қайта сұрақ қойды. Эксперт “иә” деп жауап берді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.