сәрсенбі, 28 қаңтар, 2026 13:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Алаңға жайдан-жай шықпаймыз": Анарбеков бүгінгі матч туралы айтты

"Алаңға жайдан-жай шықпаймыз": Анарбеков бүгінгі матч туралы айтты
ҚФФ
ASnews.kz мәліметінше, Анарбеков Англия чемпионатына бала кезден қызыққан.

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков Лондонда өткен баспасөз мәслихатында бүгін «Арсенал» клубына қарсы ойыны туралы өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

ASnews.kz мәліметінше, Анарбеков Англия чемпионатына бала кезден қызыққан.

«Бала кезімнен АПЛ командаларының ойындарын көріп өстім. Мұндағы эмоция мүлдем бөлек. Алла қаласа, ойын кезінде қандай сезімде болатынымызды көреміз.

Біз Чемпиондар лигасында мықты қарсыластарға қарсы біраз матч өткіздік. Алаңға жайдан-жай шықпаймыз, жүз пайыз дайын боламыз», – дейді Анарбеков.

Сонымен қатар ол Чемпиондар лигасындағы үздік 20 ойыншының қатарына кіргенін де сөз етті.

«Чемпиондар лигасының топ-20 ойыншысының қатарына ену мен үшін үлкен қысым, кедергі болмайды. Біз күн сайын бар күшімізді салып жүрміз. Осы үшін командаластарыма алғыс айтқым келеді», – дейді Анарбеков.

Еске сала кетейік, «Арсенал» мен «Қайрат» арасындағы Чемпиондар лигасының соңғы тур ойыны Лондондағы «Emirates Stadium» стадионында өтеді. Кездесу бүгін Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар