сейсенбі, 27 қаңтар, 2026 16:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елімізде бала өлімі деңгейі 13 пайызға түсті

Елімізде бала өлімі деңгейі 13 пайызға түсті
Рixabay
Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

Ана мен баланы қорғаудың кешенді тәсілінің нәтижесінде өлім-жітім көрсеткіштерінің тұрақты төмендеуіне қол жеткізілді және балалардың әл-ауқаты индексі бойынша топ-30 елдің қатарына енді. Үкімет отырысында жұмыс қорытындылары мен инфрақұрылымдық жобалар туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Министрдің айтуынша, өңірлер арасында көмек сапасын теңестіру үшін 15 облыстық балалар ауруханасын жаңарту және заманауи перинаталдық орталықтар желісін салу қолға алынбақ. Жаңа нысандар Астана, Шымкент, Алматы және басқа қалаларда жобаланып, салынуда. Баланың туғаннан 18 жасқа дейінгі маршрутын бақылаудың цифрлық жүйесі енгізілген.

«Қабылданып жатқан шаралар соңғы екі жылда нәресте өлімінің деңгейін 13%-ға, ал балалар өлімінің деңгейін 5,5%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Қазақстан ДДҰ-ның жұқпалы емес аурулардан мезгілсіз өлімді 25%-ға қысқарту жөніндегі мақсатына қол жеткізген Орталық Азиядағы бірінші ел болды. Біздің міндетіміз – әр баланы сау өсу жолында сүйемелдеу», — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар