"Кішкентай данышпан": Роза Рымбаеваның немересі көпшілікті сүйсіндірді
- авторОймақ
- 26 қаңтар, 2026
- 156
Белгілі әнші Роза Рымбаеваның келіні, Әли Оқаповтың жары Ақерке Бүркітбай ұлы Зейінмен бірге түскен видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Видеода кішкентай Зейін ұлттық рәміздері арқылы әлем елдерінің атауын мүдірмей айтып, көпшілікті таңқалдырды.
Бейне жазбада Зейін анасымен бірге отыр. Анасы Ақерке кішкентай ұлына әр елдің мемлекеттік символын көрсетіп, қай елге тиесілі екенін сұрайды.
Кішкентай дарабоз әр елдің туын жаңылмай тауып, атауын айтып жатыр. Қазақстан туына келгенде бірнеше рет қайталап, мақтанышпен көрсетеді.
Бұны көрген көпшілік те ризашылығын жаудырып, жылы лебіздерін білдірген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Президент Бас прокуратурада жиын өткізді
Ұқсас жаңалықтар
Мөлдір Әуелбекова 10 жылдан кейін бұрынғы күйеуін кешіргенін айтты
- авторОймақ
- 11 наурыз, 2026
"Өмірімнің жаңа парағы": Әбілмансұр Серіков сүйіктісімен неке қиды
- авторОймақ
- 10 наурыз, 2026






