сенбі, 24 қаңтар, 2026 18:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қостанайды кісі өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Қостанайды кісі өліміне қатысты күдіктілер ұсталды
Фото: instagram.com/viktor.ionenko
Жасөспірімдер 19 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілінген.

Қостанай облысында полиция департаменті екі жасөспірімнің кісі өліміне қатысты ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін 23 қаңтарда көпқабатты үйлердің бірінде 19 жастағы Рудный тұрғынының мәйіті табылған еді. Мәйітте пышақ жарақаттары болған. 

Еске салайық, полиция шамамен 17 және 18 жастағы екі жасөспірімге іздеу жариялаған еді. Жасөспірімдер 19 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілінген. 

Желіде тараған видеодан екінші жас жігіттің "ақылды" домофонның алдында ұзақ уақыт тұрып, пәтерге қоңырау шалғанын көруге болады.

Кейін дәл сол камераға күдіктілердің подъезден жүгіріп шығып бара жатқан сәті түсіп қалған.

Ал біраз уақыт өткен соң үйдің алдында жедел жәрдем көлігі тұрғаны байқалады. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар