Дерекқорға жалған мәліметтер енгізген күдікті Испаниядан экстрадицияланды
- авторОймақ
- Бүгін, 11:31
- 14
Испанияның Барселона қаласынан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасау фактілері бойынша күдікке ілінген Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлады бас прокуратура.
"Ол 2020 жылы кеден органдарының қызметкері бола отырып, ақпараттық дерекқорға жалған мәліметтер енгізу арқылы 8 автокөліктің иелерін бюджетке төленуге тиіс кедендік баждардан заңсыз босатқан деген күдікке ілінді. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған, кейін Испания аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Прокуратурада бұл қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




