жұма, 23 қаңтар, 2026 17:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Серік Сәпиев пен орынбасарының жанжалына қатысты әкімдік пікір білдірді

Серік Сәпиев пен орынбасарының жанжалына қатысты әкімдік пікір білдірді
фото: ашық дереккөз
Басқарма қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

Қарағанды облысының әкімдігі өңірдегі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығының қатысуымен болған төбелеске қатысты пікір білдірд, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

«Спорт басқармасының басшылығына қатысты оқиға жөнінде тараған ақпаратқа байланысты хабарлаймыз: басқарма қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда, тергеу жүргізілуде. Қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов арасында төбелес болғаны туралы ақпарат тараған еді. Желіде видео жарияланды.

Полицияның хабарлауынша, Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының (Серік Сәпиевтің жасы) арызы бойынша «ұрып-соғу» дерегімен қылмыстық іс қозғалған.

21 қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінің ғимаратында екі ер адам арасында жанжал шыққаны анықталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар