жұма, 23 қаңтар, 2026 17:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Биыл Ұлттық қордан балаларға қанша қаржы бөлінеді

Биыл Ұлттық қордан балаларға қанша қаржы бөлінеді
NUR.KZ/Владимир Третьяков
Үшінші рет жүргізілетін төлемдерді 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей аудару жоспарланып отыр

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жылға арналған төлемдердің алдын ала көлемін атады. Оның айтуынша, үшінші рет жүргізілетін төлемдерді 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей аудару жоспарланып отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Қазіргі таңда нақты сома әлі бекітілмеген. Алайда Ұлттық банк басшысының мәліметінше, төлем мөлшері өткен жылғы деңгейге жуық болуы ықтимал. Алдын ала есеп бойынша, бір балаға тиесілі қаражат шамамен 130 АҚШ долларын құрауы мүмкін, бұл 65 мың теңгеден сәл асады.

2025 жылға арналған төлемді 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының барлық кәмелетке толмаған азаматтары алады. Бағдарлама талаптарына сәйкес, қаражат әр баланың жеке шотына аударылады.

Сонымен қатар Тимур Сүлейменов 2025 жылы Ұлттық қор активтерін басқарудан түскен инвестициялық табыс 8,7 млрд АҚШ долларын құрағанын хабарлады. Бұл шамамен 15% жылдық табыстылыққа тең.

«Бұл – рекордтық көрсеткіштер. Ұлттық қорды басқару тарихында мұндай нәтижелер бұрын болмаған. Ірі трансферттер мен қаражат алуға қарамастан, осы табыстың арқасында қордың жалпы көлемі өсті», – деді Ұлттық банк төрағасы брифинг барысында.

Айта кетейік, бағдарлама аясында 2024 жылы балаларға 100,52 доллар, ал 2025 жылы 129,38 доллар көлемінде төлем жасалған. Жыл сайынғы төлем мөлшері Ұлттық қордың валюталық активтері мен инвестициялық табысына тікелей байланысты.

Бағдарламада жиналған қаражатты бала кәмелет жасына толғаннан кейін ғана және білім алу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында пайдалана алады. Арнайы шоттағы ақшаны мерзімінен бұрын шешіп алу мүмкіндігі қарастырылмаған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар