сенбі, 17 қаңтар, 2026 12:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Нұрай үйге кіріп келетін секілді": Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан бойжеткеннің ағасы жазба жариялады

"Нұрай үйге кіріп келетін секілді": Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан бойжеткеннің ағасы жазба жариялады
әлеуметтік желіден
"Мен әлі Нұрай жоқ әлемде өмір сүріп жатырмын".

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы студент қыз Нұрай Серікбайдың туған ағасы Сұлтан желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Өкініштісі сол, мен әлі Нұрай жоқ әлемде өмір сүріп жатырмын. 
Нұрай құдды бір аспаннан түскен періште құсап, үйге кіріп келетін секілді. Отбасымызға осындай қайғы түседі деп ешқашан ойламаппын. Мен ешкімнің басынан мұндай ауыр қайғы өткенін қаламаймын. 
Сондықтан мен Нұрай қарындасым қайтыс болған бұл істе әділеттілікке қол жеткізуім керек. Бұл менің Нұрай үшін қолымнан келетін кішкентай нәрсе", – деп жазды ағасы.

Еске сала кетейік, 11 қаңтар күні Шымкентте көпқабатты үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды. Кейінірек белгілі болғандай, Нұрайды жаздан бері аңдып жүрген Шымкент тұрғыны Алматыдан каникулға келген қызды сол күні артынан қуып, пышақтап кеткен.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар