сенбі, 17 қаңтар, 2026 12:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Рамзан Қадыровтың ұлы ауыр халде ауруханаға түсті

Рамзан Қадыровтың ұлы ауыр халде ауруханаға түсті
Аталған ақпаратты Шешенстан билігі әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров ауыр халде Грозный қаласындағы республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Грозныйдағы дереккөздердің мәліметінше, Адам Қадыров қазіргі уақытта реанимация бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр, науқас ес-түссіз күйде екені айтылады. Осыған байланысты ауруханаға апаратын жолдар уақытша жабылған.

Оқиға жөніндегі ақпаратты шешен оппозициясындағы NIYSO қозғалысының Telegram арнасы да таратты. Арна дерегіне сәйкес, Қадыровтың кортежі әдеттегідей жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатып, күтпеген кедергіге тап болған. Соның салдарынан кортеждегі бірнеше көлік бір-бірімен соқтығысқан.

NIYSO мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кезінде тағы бір жоғары лауазымды шешен шенеунігінің ұлы да жарақат алуы мүмкін. Бірақ оның жеке басы әзірге нақтыланбаған.

Сондай-ақ дереккөздер аурухана маңындағы даңғылдың жабылғанын, қалаға кіреберіс жолдарда көлік кептелісі пайда болғанын хабарлайды. Бұдан бөлек, Адам Қадыровты Мәскеу қаласына жеткізу мүмкіндігі де қарастырылып жатқаны айтылған.

Аталған ақпаратты Шешенстан билігі әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар