Бәйтерек ауданының соты алимент төлемін төлеуден жалтарған тұлғаға қатысты әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Борышкер 09.01.2023 жылдан бастап 3 015 447 теңге алимент төлеуден жалтарып келген.
Бәйтерек ауданы бойынша биылғы жылы алимент төлеуден жалтарғаны үшін 1 борышкердің ісі сот өндірісінде және 1 қылмыстық іс тергеу сатысында.
Алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстінің 139-бабымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жауаптылық және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 669-бабы 1-бөлігімен жеке тұлға үшін әкімшілік жауаптылық 5 АЕК айыппұл немесе 20 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 5 тәулікке дейінгі әкімшілік қамаққа алу көзделген.
Баланы асырап-бағу үшін алимент төлемін төлеуден қашпауға шақырамыз.
Себебі әрбір ата-ана баласы алдында жауапты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





